Рухтың беріктігін сақтау үшін дененің беріктігін сақтау керек.
Кіру
AA+
Рухтың беріктігін сақтау үшін дененің беріктігін сақтау керек.
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылғы 31 қаңтарда Алтай ауданының Серебрянск қаласының БЖСМ» КММ (ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы) ұйымдастыруымен 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында футзалдан Ашық біріншілік өтті. Жарысқа 6 команда қатысты. Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын - Қатон-Қарағай;
2-орын - Алтай қаласының №9 мектебі;
3-орын - Үлкен-Нарын ауданының ДЮСШ.
Турнир номинациялары:
Үздік шабуылшы - Еспулатов Алихан (Қатон-Қарағай);
Үздік қорғаушы - Айтқұлов Нурали (Қатон-Қарағай);
Үздік қақпашы - Құмарханұлы Ақжүніс (Үлкен-Нарын);
Турнирдің үздік ойыншысы - Фаизов Радлан (Алтай қаласының №9 мектебі).
Турнир жас спортшыларға жарқын эмоциялар сыйлап, командалық рух пен спорттық шеберлікті көрсетуге мүмкіндік берді!
Балалар спортын дамытуға қосқан қолдауы мен үлесі үшін жаттықтырушыларға, төрешілерге және ата-аналарға алғыс білдіреміз!