2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан U16 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Серебрянск қаласының БЖСМ тәрбиеленушісі, Риддер қаласындағы спорт интернатында білім алатын Чебунин Захар республикалық жарыста Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғап, 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды.
Захарды және оның жаттықтырушыларын жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!
